Модуль - 1: Психология ғылымының негіздері
Психологияның негізгі бағыттары мен зерттеу әдістері қарастырылады. Психологиялық процестер (ойлау, ес, эмоция, мотивация), этикалық принциптер, клиентпен контракт жасау ережелері үйретіледі. Пәннің қолданбалы салаларымен таныстырылады.
Модуль - 2: Психологиялық кеңес берудің негіздері мен кезеңдері
Кеңес беру процесінің құрылымы, маман мен клиент арасындағы қатынас кезеңдері, этикалық нормалар мен алғашқы сессияны жүргізу ережелері үйретіледі.
Модуль - 3: Кеңес беру тәсілдері мен техникалары.
Психологтың клиентпен тиімді жұмыс істеуі үшін қолданылатын негізгі тәсілдер мен сұрақ қою, белсенді тыңдау, рефлексия сынды техникалар ұсынылады.
Модуль - 4: Психодиагностика. Тұлға типтерін анықтау
Тұлғаның ерекшеліктерін зерттеуге арналған тесттер мен сауалнамалар, психодиагностикалық әдістер және типологиялармен таныстырады.
Модуль - 5: Клиенттің сан алуан сұраныстарын түсініп, олармен тиімді жұмыс істеуді меңгеру
Клиенттің негізгі сұраныстарын (травма, мотивация жетіспеушілігі, қорқыныш, қарым-қатынас мәселелері т.б.) анықтап, оларға сай әдіс таңдауға үйретеді
Модуль - 6: Клиникалық психология негіздері мен диагностика
Психикалық бұзылыстар, олардың симптомдары мен классификациясы, клиникалық диагностика әдістері мен нақты клиенттермен жұмыс ерекшеліктері қарастырылады.
Модуль - 7: Жас ерекшелік психологиясы
Адамның даму кезеңдері (балалық, жасөспірім, ересек, қарттық) және әр кезеңдегі психологиялық өзгерістер мен қажеттіліктер қарастырылады.
Модуль - 8: Психолог кеңесшінің кәсіби өз-өзімен жұмысы және дамуы
Кәсіби өсу, күйіп кетудің алдын алу, супервизия, өзін-өзі зерттеу мен рефлексия дағдылары дамытылады.